KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

6 жасар қыз інісі жатқан бесікті өртеп жіберген

• Арман

Өзбекстанда алты жасар қыз екі айлық інісі жатқан бесікті өртеп жіберген.

Бұл жайында жергілікті БАҚ Өзбекстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Самарқанда ата-анасы үйіндегі балаларын қараусыз жалғыз өздерін тастап кеткен.

Ал сіріңкемен ойнап отырған кішкентай қыз бесікке от қойған. Бесікте екі айлық шақалақ болған. Ата-анасы уақытында өртті сөндіріп үлгерген, ал балалары әртүрлі деңгейдегі күйік жарақатымен ауруханаға түскен. Қазіргі таңда балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Дереккөз: centralasian.org

Арман
Журналист
Автордың басқа материалдары →