Танымал актриса әрі блогер Сая Оразғалиева «Мамский әңгіме» подкастының қонағы болып, жеке өміріне қатысты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі өзінен алты жас кіші жаңа сүйіктісімен қалай танысқанын айтып, қарым-қатынасының басталу тарихын баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.
Саяның айтуынша, Рүстем есімді жігіт оның Instagram желісінде ортақ таныстары арқылы жиі көзге түскен. Бір күні блогер оның парақшасына кіріп, байқамай жазылып қалған. Кейін жігіт те оған жауап ретінде жазылып, екеуі әлеуметтік желі арқылы сөйлесе бастаған.
Актриса жаңа танысының алғашқы кездесулерге дейін-ақ қамқорлық таныта бастағанын атап өтті. Мәселен, 14 ақпан күні оған гүл жіберіп, спортзал мен дәрігерге жазып, шығындарын өзі төлеген.
«Менен 6 жас кіші. Көп әңгімелестік. Ашық адам. Бәрін ашық айтады. Бірден бір-бірімізге өмірбаянымызды айтып бердік», – деді Сая Оразғалиева.
Оның сөзінше, Рүстем бұған дейін некеде болған және бір қызы бар. Жұп қарым-қатынастың болашағын да көп күтпей талқылаған. Тіпті «Үйленесің бе?» деген сауал үшінші кездесуде-ақ сөз болған.
Актриса жаңа сүйіктісімен қарым-қатынасы туралы өзге де қызықты жайттарды подкаст барысында ашық айтып берген.