KZNews.kz
Техно

6 ай сынақтан өтеді: LRT іске қосылды

Айжан Сыланова
Фото: Zakon.kz / Оксана Даирова

Жүргізушісіз қозғалатын LRT құрамдары толық автоматтандырылған GoA4 жүйесімен жабдықталған. Ол пойыздың қозғалысын, есіктердің ашылып-жабылуын, деподан шығуы мен жуу жұмыстарын операторсыз атқарады. Мұндай жүйе Сингапур, Дубай және Қытайда қолданыста бар.

Сынақ алты айға созылып, алғашқы кезеңде №112–№113 станциялары арасында өтеді. Алдымен пойыздар 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп, кейін қозғалыс қарқыны мен арақашықтық біртіндеп артады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →