Жалпы, жаңадан тіркелген көлік санының құрылымына қарасақ, жеке адамдардың жаппай автомобиль сатып алып жатқанын байқауға болады.
Мысалы, өткен айда есепке алынған машиналардың басым бөлігі жеңіл автомобильдер екен. Ол жалпы тізімнің 87,9 пайызын құраған. Ал жүк автомобильдерінің үлесі 6,1 пайыз, тіркемелердің саны 2,7 пайыз, автобустардың үлесі 0,8 пайыз және мотоциклдердің үлесі 0,6 пайыз болыпты. Сондай-ақ, өзге көлік құралдарының үлесі 1,9 пайызды құрады.
Мұнан бөлек, отын түрі бойынша есепке қойылған көліктердің 78,7 пайызы бензинмен жүреді екен. Дизель отынын пайдаланатын көліктердің үлесі 6,9 пайыз және аралас отын түрін пайдаланатындардың үлесі 8,4 пайыз болды. Ал электр қуатымен жүретін көліктер 3 304 бірлікті немесе жалпы санның 1,9 пайызын құраған.
Айтпақшы, биылғы 1- қазандағы дерек бойынша елде ресми тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 114,6 мың бірлікке жетіп отыр.