Ресейдің бас консулдығы Қазақстан СІМ-ге не үшін нота жолдады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

6,1 миллионнан асты: елімізде ресми тіркелген көлік саны көбейді

6,1 миллионнан асты: елімізде ресми тіркелген көлік саны көбейді
Фото: ашық дереккөздерден

Өткен қыркүйек айында 170 141 автокөлік құралы есепке қойылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының статистикалық мәліметтеріне айтылды.

Жалпы, жаңадан тіркелген көлік санының құрылымына қарасақ, жеке адамдардың жаппай автомобиль сатып алып жатқанын байқауға болады.

Мысалы, өткен айда есепке алынған машиналардың басым бөлігі жеңіл автомобильдер екен. Ол жалпы тізімнің 87,9 пайызын құраған. Ал жүк автомобильдерінің үлесі 6,1 пайыз, тіркемелердің саны 2,7 пайыз, автобустардың үлесі 0,8 пайыз және мотоциклдердің үлесі 0,6 пайыз болыпты. Сондай-ақ, өзге көлік құралдарының үлесі 1,9 пайызды құрады.

Мұнан бөлек, отын түрі бойынша есепке қойылған көліктердің 78,7 пайызы бензинмен жүреді екен. Дизель отынын пайдаланатын көліктердің үлесі 6,9 пайыз және аралас отын түрін пайдаланатындардың үлесі 8,4 пайыз болды. Ал электр қуатымен жүретін көліктер 3 304 бірлікті немесе жалпы санның 1,9 пайызын құраған.

Айтпақшы, биылғы 1- қазандағы дерек бойынша елде ресми тіркелген автокөлік құралдарының жалпы саны 6 114,6 мың бірлікке жетіп отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.