KZNews.kz
Шоу-бизнес

“550 дрон” - Қонаевта дрондар шоуы өтті

Ayzhan Sylanova

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, әуеге көтерілген 550 дрон түрлі бейнелер мен жазулар жасап, Орталық алаңға жиналған 15 мыңнан астам көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Шараның ең әсерлі сәтінде аспанда «Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін. Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!» деген жазу пайда болып, көрермендер Мемлекеттік Әнұранды бірге шырқады.

Дрондар Қазақстан картасы, Мемлекеттік Ту, домбыра, ноталар, «Алтын адам», барыс пен алма сияқты бейнелерді де бейнеледі. Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп — Закон и порядок» ұраны көрсетіліп, әділетті және мықты мемлекеттің идеясын айқындады.

Шоудың финалында көкте «25 қазан – Республика күні» және «I ❤️ Qonayev» жазулары жарқырады.

Мерекелік кеште Хансұлтан, Мөлдір Әуелбекова, Қуандық Рахым, Асылбек Еңсепов, Esko, Ray, Нұрсұлтан Нұрбердиев және Il Canto квартеті өнер көрсетті. Шараның жүргізушілері — Руслан Арманұлы мен Мұрат Мұтырғанов болды.

Қонаевта өткен бұл алғашқы дрон-шоу мен концерт Республика күніне арналған мерекелік көңіл күйдің шарықтау шегіне айналды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары