Қоғам

“500 мыңнан миллионға дейін” - Қазақстанда аналар сәбилерін сайтта саудалаған

“500 мыңнан миллионға дейін” - Қазақстанда аналар сәбилерін сайтта саудалаған
Фото: ашықдереккөз

Оның айтуынша, жаңа туған нәрестелердің құны 500 мың теңгеден бастап, бір миллион теңгеге дейін бағаланған. Ең үрейлісі, кейбір әйелдер өз баласын интернеттегі сайттар арқылы сатуға тырысқан. Мұндай заңсыз мәмілелердің онлайн жасалғаны қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Құқық қорғаушылар бұл қылмысты ең ауыр әрі кешірілмес әрекет деп атап, кінәлілерді қатаң жазаға тартуды талап етуде. Сарапшылардың пайымынша, мұндай сорақылықтың туындауына көбіне әлеуметтік жағдайдың қиындығы, бақылаудың әлсіздігі және делдал қылмыскерлердің әрекеті ықпал етеді.

Бұл дерек елдегі бала құқығын қорғау жүйесінің әлсіз тұстарын тағы бір мәрте ашып берді. Белсенділердің айтуынша, егер мемлекет шұғыл әрі жүйелі шара қабылдамаса, Қазақстан халықаралық деңгейде «нәрестелерін сататын ел» ретінде қараланып қалу қаупі бар.

Қоғам өкілдері мұндай әрекетке барғандарды аяусыз жазалау қажеттігін айтып қана қоймай, балалардың құқығын қорғау саласында түбегейлі реформалар жүргізуді талап етуде.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz