KZNews.kz
Қоғам

“5 жыл жүрген” - Қаскелеңде 21 жастағы қыздың өлімі жайлы тың дерек шықты

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Бойжеткеннің денесі екі күн бұрын өз үйінің жертөлесінен табылған. Қайғылы оқиға Қаскелең қаласындаболған. Көршілердің айтуынша, қыз жігітімен кездесуге кеткеннен кейін үйіне оралмаған. Анасы келесі күні қызын іздеп, полицияға жүгінген.

Тергеу барысында маңайдағы бейнебақылау камералары қаралып, жазбалардан белгісіз адамның түнгі сағат үш шамасында марқұмның денесін сүйреп әкеліп, үй жертөлесіне тастап кеткені анықталған.

Полиция мәліметінше, күдікті — 20 жастағы жігіт, марқұммен шамамен бес жылдай кездесіп жүрген.Көршілердің сөзіне қарағанда, екі жақ аралас-құралас болып, тіпті тойға дайындалған екен. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары