Астана – Петропавл тасжолында үш көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті. Жараланғандардың арасында төрт күндік нәресте мен 13 жастағы бала бар. Қазір дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалуға күш салып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Салдарынан алты адам түрлі жарақат алған. Олардың арасында кәмелетке толмаған екі бала да бар. Hyundai Genesis көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Әсіресе төрт күндік нәрестенің жағдайына ерекше назар аударылып, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.