Угандада тұратын 36 жастағы Мариям Набатанзи 23 жыл ішінде 44 баланы дүниеге әкеліп, көпшілікті таңғалдырды. Дәрігерлер бұл жағдайды аса сирек кездесетін гиперовуляция – әйел ағзасының бір циклда бірнеше рет жұмыртқа шығаруы деп түсіндіреді, деп хабарлайды kznews.kz.
Mirror басылымының жазуынша, Мариям алғаш рет 13 жасында егіз баланы дүниеге әкелген. Кейінгі жылдары да оның әр жүктілігі ерекше өтті. Келіншек 6 рет егіз, 4 рет үшем, 5 рет алты егіз туған.
Всего 23 жасында Набатанзи 25 баланың анасы атанған. Сол кезден бері ол дәрігерлерден бала көтермеудің амалын сұрап жүрсе де, генетикалық ерекшелікке байланысты мамандар ештеңе істей алмаған.

Тек әйел 38 жасқа толғанда ғана дәрігерлер оған арнайы ота жасап, табиғи жолмен бала көтеру қабілетін тоқтатты.
Өкінішке қарай, Мариямның өмірі оңай емес: күйеуі, өзінен 28 жас үлкен ер адам, отбасын тастап кеткен. Қазір ол 44 баласын жалғыз тәрбиелеп, бірнеше жерде жұмыс істеп күнелтеді. Үлкен ұлы анасына көмектесу үшін мектепті тастауға мәжбүр болған.
Отбасының тұрмысы да қиын: үй тар болғандықтан кейбір балалар далада ұйықтайды. Ал күнделікті ас-ауқаты – 10 кг ұн, 7 кг бұршақ және 4 кг қант.