KZNews.kz
Әлем

"31 адам қаза тапты": Жұма намаз кезінде мешітте жарылыс болды

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Пәкістан астанасы Исламабад қаласында жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Reuters агенттігінің жазуынша, оқиға Хадиджа-тул-Кубра мешіті аумағында болған. Полиция мәліметінше, күдікті мешіттің кіреберісінде тоқтатылған сәтте жарылғыш құрылғыны іске қосқан.

Исламабад комиссарының орынбасары Ирфан Мемон жараланғандар саны әлі де нақтыланып жатқанын айтты. Зардап шеккендер қаладағы бірнеше медициналық мекемеге жеткізілген.

Пәкістан билігі қаза тапқандардың отбасыларына және жарақат алған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Ал елдің сыртқы істер министрі Исхак Дар бұл оқиғаны «аса қатыгездікпен жасалған қылмыс» деп бағалады.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →