KZNews.kz
Қоғам

“300 мың ұсынған”: Бейтаныс ер адам 13 жастағы қызды ертіп кетпек болды

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Алматыда белгісіз ер адам 13 жастағы қызға ақша ұсынып, өзімен бірге кетуге үгіттеген, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның жасөспірім қызға алдымен ақша ұсынып, ол келіспеген соң соманы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көтергені көрінеді.

Қыз бала оның ұсынысынан бас тартып, бұл жағдай көпшіліктің ашуын туғызды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жедел түрде ұсталған. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға №50 мектеп маңындағы аялдамада болған. Қазір полиция бұл жайттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді ескерту қажеттігін айтты.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары