"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"30-дан 35 млн долларға дейін жетеді": Беделді порталдың журналисі Головкиннің қаржылық жағдайы туралы айтты

"30-дан 35 млн долларға дейін жетеді": Беделді порталдың журналисі Головкиннің қаржылық жағдайы туралы айтты

Boxingnews24.com порталының спорт шолушысы Анхель Флауэрс отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварестің қаржылық жағдайын салыстырды. Сондай-ақ ол екі боксшы жекпе-жектері үшін қанша табыс тапқанын да айтты, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Журналистің мәліметінше, қазақстандық боксшының қаржылық тұрғыдан жағдайы "Канеломен" өткізген екі жекпе-жектің арқасында жақсара түскен.

"Головкиннің қаржысының 90 пайыздан астамы оның Сауль Альвареске қарсы өткізген екі жекпе-жегінен түскен. Қауесеттер бойынша GGG-дің жеке капиталы 30-дан 35 млн долларға дейін жетеді.

"Канеломен" өткен екі кездесу Головкинге 37 млн доллар пайда әкелген. Салыстыру үшін - Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы кездесуінде 20 млн доллар және Каллум Смитпен болған кездесуінде де кем дегенде осынша ақша тапқан", — деп келтіреді басылым журналистің сөзін. 

Автор
Еркебұлан