KZNEWS.KZ
Саясат

27 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Путин келеді

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

27-29 мамыр күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

 28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →