KZNews.kz
Әлем

242 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Жолаушылар ұшағы Үндістанның батысындағы Ахмедабад қаласындағы әуежай маңындағы Меганинагар ауданында апатқа ұшырады.

Ұшақ Air India әуе компаниясына тиесілі.  

Boeing 787-8 Dreamliner әуе көлігі Ұлыбританияға бет алған. Қазіргі уақытта әуе компаниясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтылған.

Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, тірі қалғандар бар. Жергілікті билік пен құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →