Қазақстанда денсаулық және туризм вице-министрі тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

24 жылдан кейін туған анасын тапқан қазақ қызы қуанышты жаңалығын айтты

24 жылдан кейін туған анасын тапқан қазақ қызы қуанышты жаңалығын айтты
kznews.kz коллажы

Кішкентай кезінде Бельгия азаматтары асырап алған қазақ қызы Селена Винк 24 жылдан кейін туған анасын іздеп тауып алды. Бұл туралы журналист Ғалымжан Қараманұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Селенаның қазақша есімі – Зарина Нұрмұхамбетова. Ол бала күнінен Бельгияда өсіп, тәрбиеленген. Арада 24 жыл өткен соң өзінің туған жері мен биологиялық анасы туралы ақпарат іздей бастаған.

Журналистің жазуынша, Селена ұзақ ізденістен кейін туған анасын тапқан. Ол анасына ешқандай реніші жоқ екенін айтқан.

Қазіргі уақытта Селена Бельгияның Гент қаласында орналасқан "Тамыры қазақ" мәдени орталығына барып жүр. Орталықта ол қазақ тілін үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетін меңгеруде.

Сонымен қатар бойжеткен болашақ өмірін Қазақстанмен байланыстыруға қарсы емес екенін жеткізген. Селена қазақ жігітіне тұрмысқа шығуға дайын екенін де айтқан.

Шетелде өссе де, тарихи тамырын іздеп, қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан Заринаның оқиғасы әлеуметтік желі қолданушыларын әсерге бөледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер