Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

22 жастағы қыз 3 күн бойы ағашты құшақтап тұрып, адам сенгісіз нәтижеге жетті

22 жастағы қыз 3 күн бойы ағашты құшақтап тұрып, адам сенгісіз нәтижеге жетті
ашық дереккөзден

Кениялық экоактивист Труфена Мутони экологияға арналған ерекше акциясымен әлемдік ақпарат құралдарының назарын аударды. 22 жастағы белсенді үш тәулік бойы бір ағашты құшақтап тұрып, ұлттық рекордты жаңартты, деп хабарлайды kznews.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, бұл акция Ньери қаласындағы үкіметтік кешен аумағында өткен. Мутони бастамасы арқылы экологиялық мәселелермен қатар әлеуметтік тақырыптарды да көтеруді мақсат еткен. Сол себепті акция барысында белгілі бір уақыт аралығында көзін байлап тұрған. Оның айтуынша, бұл қадам климаттың өзгеруінен ең көп зардап шегетін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайына қоғам назарын аударту үшін жасалған.

Белсендінің сөзінше, үш күн бойы ағашты құшақтап тұру оңай болмаған. Ол бірнеше рет ұйықтап кетуге шақ қалған. Дегенмен, рекордты Гиннестің рекордтар кітабына тіркеу үшін қажетті жарнаны төлеген ұйымдастырушылар мен демеушілер оны дер кезінде оятып отырған.

Труфена Мутони бұл әрекетін бейбіт наразылықтың бір түрі деп сипаттап, оның басты мақсаты – адамдар арасындағы әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарды еңсеру екенін айтты.

"Бұл бейбіт протест маңызды, өйткені ол адамдар арасындағы барлық айырмашылықтарды жояды", – деді белсенді.

Акция барысында Мутонидің киген киімі де символикалық мәнге ие болған. Әр түстің өзіндік мағынасы бар:

  • қара түс – африкалық күш пен төзімділікті;
  • жасыл түс – ормандарды қалпына келтіру мен болашаққа үмітті;
  • қызыл түс – байырғы халықтардың қарсылығын;
  • көк түс – су ресурстарын қорғауды білдірген.

Осылайша, киім тек практикалық элемент қана емес, сонымен қатар көрермендер мен бұқаралық ақпарат құралдарына бағытталған визуалды үндеу ретінде қолданылған.

Айта кету керек, бұл Мутонидің алғашқы рекорды емес. Бұған дейін ол дәл осындай акция аясында 48 сағат бойы ағашты құшақтап тұрған. Ал бұл жолғы 72 сағаттық нәтижесі оның табандылығын және экологиялық әрі әлеуметтік бастамаларға адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер