KZNews.kz
Шоу-бизнес

21 жастағы мұғалім "Атырау аруы – 2021" атанды (Фото)

KZNEWS

21 жастағы Әйгерім Сүйінова "Атырау Аруы – 2021" байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы "Қазақстан аруы" байқауының ресми парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Әйгерім Еуразия гуманитарлық университетінің студенті. Өзінің парақшасында Әйгерім ағылшын тілінің маманы екенін жазған. Сондай-ақ наурыз айында түрік тілін меңгеріп жүргенін атап өткен.

"Мен мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдардың қатарындамын. Үшінші жыл сүйікті студенттеріме ағылшын тілі әлемін ашып келемін", – деп жазған Әйгерім.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары