Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

2050 жылға қарай шоколад сирек кездесетін өнімге айналуы мүмкін

2050 жылға қарай шоколад сирек кездесетін өнімге айналуы мүмкін
Фото: depositphotos.com

Әлемдік шоколад өндірісіне қауіп төніп тұр. Какао-бұршақ өсірілетін негізгі аймақтардағы климаттық өзгерістер жағдайды күрделендіріп жатыр. Бұл туралы Green Economy Coalition (GEC) ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz Life басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, 2050 жылға қарай шоколад сирек кездесетін өнімге айналуы мүмкін. Бұған басты себеп ретінде климаттың өзгеруі көрсетілген. Әсіресе Батыс Африка мен Латын Америкасы елдерінде жағдай күрделі, өйткені әлемдегі какао плантацияларының басым бөлігі дәл осы өңірлерде орналасқан.

Қазіргі таңда Батыс Африка әлемдік какао өндірісінің шамамен 70 пайызын қамтамасыз етеді. Алайда болашақта бұл аймақ какао өсіруге қолайлы жерлерінің жартысынан айырылу қаупінде тұр. Колумбияда да жағдай алаңдатарлық — онда плантациялардың шамамен бестен бір бөлігі қауіп аймағында.

Өнімділіктің төмендеуі бірқатар қолайсыз факторлармен байланысты. Олардың қатарында аптап ыстық, жауын-шашынның тұрақсыздығы, ұзаққа созылған құрғақшылық, табиғи өрттер және өсімдік ауруларының таралуы бар. Климаттық тұрғыдан осал аймақтарға тәуелділік қазірдің өзінде нарыққа әсер етіп отыр. Мысалы, Ұлыбританияға жеткізілетін какаоның шамамен 91 пайызы дәл осындай қауіпке бейім елдерден келеді.

Бұл мәселе тек Африкамен шектелмейді. Белиз, Перу, Мексика, Бразилия, Эквадор және Индонезияда да какао өсіруге қолайлы жағдай біртіндеп нашарлап барады. Соның салдарынан шикізат бағасы күрт өсіп, соңғы бір жылда шамамен төрт есеге қымбаттаған.

Сарапшылардың пікірінше, жағдайды ішінара тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылығында жаңа тәсілдерге көшу қажет. Мәселен, какао ағаштарын биік ағаштардың көлеңкесінде өсіру арқылы ылғалды сақтап, өсімдікті климаттық әсерлерден қорғауға болады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер