1 шілдеден бастап аулаларға көлік қоюға тыйым салынатыны рас па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның нақты ЖІӨ өсімі 3,7% болды

2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның нақты ЖІӨ өсімі 3,7% болды
Фото: shutterstock

2026 жылғы 3–12 маусым аралығында Қазақстанда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) сарапшылар миссиясы жұмыс істеп, елдің макроэкономикалық жағдайын, даму перспективаларын және экономикалық саясат басымдықтарын талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Миссия қорытындысы бойынша жарияланған мәлімдемеде Қазақстан экономикасының өсімі мұнай өндіру көлемінің қысқаруына байланысты баяулағаны айтылды. Бұған Каспий құбыр консорциумы жүйесіндегі төтенше жағдай әсер еткен. Соған қарамастан, қызмет көрсету, көлік, құрылыс және өңдеу салаларындағы тұрақты өсім жалпы экономикалық көрсеткіштерді қолдап отыр.

ХВҚ дерегінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның нақты ЖІӨ өсімі 3,7% болды. Бұл 2025 жылғы 6,5%-дық көрсеткіштен төмен. Дегенмен қор миссиясы жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім шамамен 4,6% деңгейінде болады деп болжайды.

Инфляция қысымы сақталып отыр

ХВҚ бағалауынша, Қазақстанда инфляция әлі де жоғары деңгейде қалып отыр және 5% мақсатты деңгейден айтарлықтай жоғары.

Инфляция 2025 жылғы қыркүйектегі 12,9%-дан 2026 жылғы мамырда 10,4%-ға дейін төмендегенімен, қысым толық жойылған жоқ. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі маусым айында базалық мөлшерлемені 100 базистік пунктке төмендеткен.

Алайда ХВҚ сарапшылары ақша-несие саясатын әлі де қатаң ұстап тұру қажет екенін ескертеді. Себеп ретінде:

сыртқы баға қысымы,

тарифтердің көтерілуі,

квазифискалдық шығындардың артуы,

бюджеттік инвестициялардың белсенділігі аталған.

Бюджет пен теңгерім жақсаруы мүмкін

Мұнай бағасының өсуі және салық реформалары бюджет кірістерін арттыруы мүмкін. ХВҚ болжамынша, 2026 жылы Қазақстанның ағымдағы шоты тапшылықтан аздаған профицитке ауысуы ықтимал.

Халықаралық резервтер жеткілікті деңгейде сақталып, шамамен 10 айлық импортты жабуға жетеді.

Банк секторы тұрақты

ХВҚ есебінде Қазақстанның банк жүйесі тұрақты деп бағаланды. Банктердің капиталдандыру, өтімділік және табыстылық деңгейі жеткілікті.

Сонымен қатар тұтынушылық несиелеудің өсуі макропруденциалдық шаралар арқылы баяулағаны айтылды. Проблемалық несиелер деңгейі төмен, ал қаржы реттеушілері активтердің сапасын бақылауды күшейтіп отыр.

Тәуекелдер сақталады

ХВҚ пікірінше, негізгі қауіптер теңгерімді болғанымен, бірқатар факторлар инфляция мен экономикалық өсімге қысым түсіруі мүмкін:

ішкі сұраныстың шамадан тыс артуы,

импорт бағасының қымбаттауы,

жаһандық қаржы нарықтарының қатаюы,

Каспий құбыр консорциумы жұмысының бұзылуы.

Ұзақ мерзімді реформалар қажет

ХВҚ Қазақстанға экономиканың құрылымдық реформаларын тереңдетуді ұсынады. Олардың қатарында:

экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту,

жеке инвестицияларды арттыру,

капитал нарығын дамыту,

инфрақұрылымды жаңғырту бар.

Сондай-ақ цифрландыру мен бюджет қаражатын тиімді бақылауға бағытталған шаралар, оның ішінде цифрлық теңге жобасы, экономиканың ашықтығын арттыруға және инфляциялық қысымды төмендетуге ықпал ететіні айтылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі