Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2026 жылдан бастап шетелдіктер Қазақстан елшіліктері арқылы ЖСН ала алмайды

2026 жылдан бастап шетелдіктер Қазақстан елшіліктері арқылы ЖСН ала алмайды
Ашық дереккөз

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді тоқтатады. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеуге мүмкіндік берген пилоттық жоба 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана жұмыс істеген. Осы мерзім аяқталған соң Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мен консулдықтары арқылы ЖСН алу мүмкін болмайды.

Балама ретінде билік eResidency бағдарламасын ұсынады. Бұл жүйе шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ, толықтай онлайн форматта мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында ЖСН көрсетілген цифрлық ID-карта рәсімделіп, Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға болады.

Аталған мәртебе бірқатар бизнес және қаржылық қызметтерге жол ашады. Атап айтқанда, онлайн режимде банк шотын ашу, электронды цифрлық қолтаңба алу, қазақстандық нөмірі бар eSIM қосу, қор нарықтары мен криптобиржаларда жұмыс істеу, сақтандыру және эквайринг қызметтерін пайдалану, сондай-ақ салық резиденттігін рәсімдеу мүмкіндігі бар.

1 қаңтардан кейін ЖСН қажет болған жағдайда шетел азаматтарына eResidency бағдарламасының ресми сайты арқылы тікелей өтініш беру ұсынылады. Онда барлық қажетті ақпарат пен нұсқаулық толық көрсетілген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.