"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2026 жылдан бастап миллиондаған қазақстандықтың табысы артады

2026 жылдан бастап миллиондаған қазақстандықтың табысы артады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұл құжаттағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша салық шегерімінің айтарлықтай ұлғаюы. Соның нәтижесінде миллиондаған азаматтың қолына алатын жалақысы көбейеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұрын жеке табыс салығын есептеу кезінде азаматтардың жалақысынан 14 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 55 мың теңге ғана салықтан босатылатын. Ал 2026 жылдан бастап бұл көрсеткіш 30 АЕК-ке, яғни 129 750 теңгеге дейін өседі.

Бұл дегеніміз – әрбір жұмыс істейтін азаматтың табысының осы бөлігіне мүлде салық салынбайды.

Жаңа ережеге сәйкес, ай сайынғы жалақысы 150 мың теңге және одан төмен азаматтар жеке табыс салығын мүлде төлемейді. Бұл санатқа кіретін адамдар бұрын ЖТС төлеп келген болса, енді олардың қолына тиетін жалақысы толығымен сақталады.

Бұл, әсіресе, төмен жалақы алатын қызметкерлерге, әлеуметтік сала мамандарына, жастар мен аймақтардағы жұмысшыларға тиімді болмақ. Жаңа Салық кодексі халықтың нақты табысын арттыруға, әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге бағытталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.