"Сыртқы экономикалық саясатта инвестицияларды белсенді және таргеттелген тарту, сондай-ақ қазақстандық экспортты ілгерілету маңызды басымдыққа айналады", - деді Ерғалиев.
2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестиция көлемін 30 млрд. долларға жеткізу көзделген. Бұл 2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестиция деңгейін 30% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мұны әлемнің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан экономикаларымен салыстыруға болады. "Маңызды басты жұмыс елдің теңгерімді аумақтық дамуын қамтамасыз етуге арналады. Өңірлерді дамытудың жаңа әдістері әлеуетті көтеруге және олардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталады. 3500-ден астам ауыл жаңа өңірлік стандартқа сәйкес жаңғыртылатын болады. Елдегі барлық тұрғын сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізе алады. Елдің аумақтық және экономикалық тұтастығының нығаюы халық пен бизнестің бірігуін арттырады", - деді Әсет Ерғалиев ОКҚ онлайн-брифингінде. Экономикалық ведомство басшысы 2025 жылға дейінгі Стратегиялық көрсеткіштер картасы Ұлттық жоспардың міндеттерін іске асырудағы прогрестің өлшемі болатынын атап көрсетті. Карта жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, салалар, өңірлер бойынша құрылымдалған үш бағыт бойынша 41 көрсеткіштен тұрады.
#жалақы
#мұғалім
#мұғалім туралы эссе
#мұғалім мәртебесі
#Мұғалімдер күні
#жалақы есептеу калькулятор
#жалақыға дейін ақша
#жалақысы көп жұмыстар 2020
#жалақы түрлері
#жалақыны есептеу формуласы 2020
#жалақысы көп жұмыстар
#жалақы перевод
#жалақы есептеу кестесі
#жалақысы көп жұмыстар 2021
#мұғалімге тілек
#мұғалімге алғыс білдіру
#мұғалімдер жалақысы 2021
#мұғалімнің жарты жылдық есебі
#мұғалім жалақысын есептеу калькуляторы
#мұғалімдердің алды тысқа шығып