ка

2019 жылы мамырда "Канелоның" Головкиннің орнына кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

13.12.2018 12:09
0
37
2019 жылы мамырда "Канелоның" Головкиннің орнына кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя  WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (50-1-2, 34 КО) қарсылас тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, "Канело" 15 желтоқсанда АҚШ-тағы Madison Square Garden аренасында WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ұлыбританиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасады.

Осы жекпе-жекте "Канело" жеңіске жетсе, промоутер 4 мамырда мексикалықты осы салмақ категориясындағы IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 KO) кездестіргісі келеді.

"Джейкобс біздің тізімде тұр, - деді Де Ла Хойя TMZ Sports басылымына берген сұхбатында. Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, ағайынды Чарло - олар барлығы мүмкіндіктерін қолданады. Ол проблема емес, себебі "Канело" үздіктермен жұдырықтасады. Мен "Канело" мен Джейкобстың кездесуін көруге қарсы емеспін. Дэнниді жақсы көремін".

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий