2018 жыл отандық эстарада жұлдыздарының біразы үшін айрықша жыл болды. Ит жылы бірқатар әншілер екінші, үшінші мәрте ата-ана атанып, қуаныштарын еселей түсті. NUR.KZ назарларыңызға биылғы жылы сәбилі болған жұлдыздар тізімін ұсынады.
Коллаж: NUR.KZ
Биылғы жылы үшінші мәрте ата-ана атанған жұлдызды жұптардың қатарында Бүркіт пен Аиша бар. Әншінің жары осы жылдың сәуір айында Бүркітке Сафия есімді қыз сыйлаған еді.