Шоу-бизнес

2018 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік нокауттың авторы анықталды

2018 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік нокауттың авторы анықталды
2018 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік нокауттың авторы анықталды

Яир Родригестің кореялық Чан Сон Джонға қарсы жекпе-жегіндегі соққысы үздік деп танылды.

Аралас жекпе-жек спорты жайлы жазатын MMA Fighting порталы 2018 жылдың қорытындысы бойынша UFC-дегі үздік нокаутты атады. Беделді порталдың редакциясы Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) ұйымдастыруымен өткен жүздеген жекпе-жекті зерттеді. Ақыр соңында ол мексикалық Яир Родригестің кореялық Чан Сон Джонға қарсы жекпе-жегіндегі соққысын үздік деп тапты.

Жекпе-жек өткен жылдың 10 қарашасында UFC Fight Night 139 турнирі аясында өтті. Жекпе-жек кезінде мексикалық жеңіліп жатқан, алайда соңғы сәтте ол қарсыласын төменнен шынтақпен ұрып, нокаутқа түсірді. Олардың кездесуі ұйымның 25 жылдығына орайластырылған ірі турнирдегі басты жекпе-жектердің бірі болды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz