Олжас Бектенов министрлерге: Бос әңгімені доғаратын уақыт келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

2017 жылғы құжатта "Нұр-Сұлтан" мөрі тұр: Абай облысында жол тендерінен дау шықты

2017 жылғы құжатта "Нұр-Сұлтан" мөрі тұр: Абай облысында жол тендерінен дау шықты
Фотоиллюстрация: Kznews

Абай облысында жол жөндеу жұмыстарына арналған шамамен 2 миллиард теңгелік мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі қоғамда сұрақ туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланған мәліметке сәйкес тендер жеңімпазы атанған «КазНИПИ ДОРТРАНС» ЖШС-не қатысты бәсекелес компания шағым түсіріп, оның жұмыс тәжірибесіне қатысты құжаттарда сәйкессіздіктер бар екенін алға тартты.

Мәселенің мәні – мемлекеттік сатып алуларда жеңімпаз көбіне ең үлкен тәжірибесі мен ең тиімді шартты жеңілдіктер ұсынған компаниялар арасынан анықталады. Алайда дәл осы талаптар бойынша «КазНИПИ ДОРТРАНС» ұсынған құжаттарға күмән келтіріліп отыр.

Шағымда көрсетілгендей, компания өз тәжірибесін растау үшін келісімшарттың орнына Текелі қаласы әкімдігімен жасалған меморандумды ұсынған. Сонымен қатар, құжаттар пакетінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің алғыс хаты тіркелген. Онда компания жөндеген делінген 30-ға жуық көшенің атауы көрсетілген.

Бұдан бөлек, орындалған жұмыстар актілері де ұсынылған. Алайда бұл құжаттардың заңдық күші мен олардың мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкестігі күмән тудырып отыр.

Ең назар аударарлық жайттардың бірі – 2017 жылға тиесілі кейбір актілерде «Нұр-Сұлтан» деген атауы бар мөрдің болуы. Белгілі болғандай, елорда бұл атауды тек 2019 жылдан 2022 жылға дейін ғана иеленген. Демек, 2017 жылғы құжатта мұндай мөрдің болуы уақыттық сәйкессіздікке меңзейді.

Бұл құжаттардың қашан және қандай жағдайда рәсімделгені белгісіз.

Тағы бір мәселе – «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» республикалық маңызы бар автожолына қатысты. 2017 жылғы актілердің бірі дәл осы жол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты.

Алайда 2024 жылы өткен сот процесінде «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бұл учаскеде «КазНИПИ ДОРТРАНС» тек авторлық қадағалау жүргізгенін, ал жөндеу жұмыстарын атқарғаны туралы мәліметтің жоқ екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, компания бұл жұмысты өз тәжірибесі ретінде көрсеткен. Ал қазіргі тендер барысында сол тәжірибе қайтадан есепке алынған.

Бұл жағдай «КазАвтоЖол» компаниясының өз ішінде де бірізді ұстаным жоқ екенін аңғартады. Бұрын сотта бір ақпарат берілсе, кейін мемлекеттік сатып алу кезінде сол дерек басқаша бағаланған.

"Абай облысындағы бұл тендер – еліміздегі мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі ықтимал олқылықтардың бір ғана мысалы. Осындай жағдайлар қаншалықты жиі кездеседі және олар қалай бақылауға алынады – бұл әзірге ашық сұрақ күйінде қалып отыр" – деп жазды журналит Михаил Козачков.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.