Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2007-дегі «Венский бал» қайта еске түсті: архив фотода Тасмағамбетов, Әблязов, Баян да бар

2007-дегі «Венский бал» қайта еске түсті: архив фотода Тасмағамбетов, Әблязов, Баян да бар
Фото: Андрей Лунин

Threads желісінде Алматыда 2007 жылы өткен Вена балынан түсірілген архив суреттер қайта тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Желіге тараған кадрларды qzq_hub парақшасы жариялаған. 19 жыл бұрын Алматының төрінде өткен бұл кешке сол кездегі саяси әрі іскер орта өкілдері жиналғаны айтылады. Фотолардың өзінен-ақ салтанатты формат, қонақтардың киім үлгісі мен рәсім мәдениеті байқалады.

Жарияланған суреттерден сол уақыттағы Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Вена қаласының бургомистрі Михаэль Хойпль, сондай-ақ Дариға Назарбаева, Рахат Әлиев, Мұхтар Әблязов, Нұрлан Смағұлов, Мұхтар Жәкішев секілді танымал тұлғаларды көруге болады. Бұған қоса, кадрларда қазақстандық шоубизнес өкілі, продюсер Баян Мақсатқызы да көзге түскен.

Пікір қалдырғандар фотоларды әр қырынан талдап, кештің «сол кезеңнің символындай» көрінетінін жазуда. Бірі «майлы кезеңдер» деп баға берсе, енді бірі «сурет тарихи артефакт ретінде қызық» деген ой айтқан. Ал кейбір қолданушылар түрлі болжам айтып, «халықтың ақшасына ұйымдастырылған кеш» тәрізді уәждерін де жазған.

Архивтегі фотосуреттердің авторы – фотограф Андрей Лунин.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер