Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2000 шенеунік жұмыстан босатылады: Президент маңызды құжатқа қол қойды

2000 шенеунік жұмыстан босатылады: Президент маңызды құжатқа қол қойды
pexels.com

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елдің мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру мен жаңғыртуға бағытталған жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Құжатқа сәйкес, басқарушы деңгейдегі бірқатар лауазымдарды жасанды интеллект жүйесі алмастырады. Соның нәтижесінде шамамен 2000 мемлекеттік қызметкердің қызметі қысқартылмақ.

Қысқарту тізіміне Салық комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әділет министрлігі және Экология министрлігі сияқты негізгі мемлекеттік құрылымдар кірді. Сондай-ақ түрлі агенттіктер мен инспекцияларда 16 басшы орынбасарының лауазымы жойылады.

Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім – реформаларды жеделдету және мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи технологияларды кеңінен енгізу қажеттілігінен туындаған.

Ал жұмыстан босатылатын қызметкерлерге Еңбек министрлігі жаңа жұмыс табуға көмектесіп, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін ұсынатынын хабарлады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер