"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

200 адам ақша жоғалтты: тіл курсы күтпеген жерден жабылып, алаяқтық күдігі туды

200 адам ақша жоғалтты: тіл курсы күтпеген жерден жабылып, алаяқтық күдігі туды
фото: shutterstock

Алматы қаласында Next Level атты ағылшын тілі курсы кенеттен жабылып, 200-ден астам адам ақшасынан айырылғанын және оқусыз қалғанын айтуда. Кейбірі бір айға, кейбірі алты айға, тіпті бір жылға алдын ала төлем жасаған. Алайда қаржы қайтарылмаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Курс басшылығы жабылатыны жөніндегі хабарламаны тек кеше түнде жіберген. Осыдан кейін оларға мүлде байланысу мүмкін болмаған: телефон нөмірлері өшіріліп, әлеуметтік желідегі парақшалар жойылған. Сондай-ақ мұғалімдер мен әкімшілік қызметкерлер де жалақыларын ала алмағандарын жеткізді.

Зардап шеккендер бұл жағдайды әдейі ұйымдастырылған алаяқтық деп бағалап, құқық қорғау органдарына ұжымдық арыз жазуға дайындалып жатыр.

Next Level орталығының «Қалдыбек А» жеке кәсіпкерлігі (иесі – Қалдыбек Аманжол Саматұлы) және «Zanjani» ЖК (иесі – Занджаниджад Бекзад Рүстемұлы) арқылы жұмыс істегені белгілі болды.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан