Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

20 жыл бұрынғы іс: Каримоваға қатысты сот қайта қозғалды

20 жыл бұрынғы іс: Каримоваға қатысты сот қайта қозғалды
Yves Forestier/GETTY. Суретте: Гүлнара Каримова

Швейцарияда Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримоваға қатысты сот ісі басталды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, Каримова пара алу және "The Office" деп аталатын қылмыстық топты басқаруға қатысы бар деген күдікке ілінген. Аталған іс шамамен 20 жыл бұрынғы оқиғаларға байланысты қозғалған.

Бұл іс бойынша Швейцариядағы Lombard Odier банкі де тергеуге тартылған. Қаржы ұйымы заңсыз алынған қаражатты жасыруға көмектесті деген күдікке ілініп отыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2005-2013 жылдар аралығында Каримоваға қатысы бар құрылымдар арқылы Швейцария банктеріндегі есепшоттарға жүздеген миллион доллар аударылған.

Сонымен қатар банктің бұрынғы қызметкерлерінің бірі де осы қаражатты жасыруға қатысы бар деген айыппен жауапқа тартылуда.

Қазіргі уақытта Гүлнара Каримова Өзбекстанда жазасын өтеп жатыр. Reuters мәліметінше, ол да, банк те өздеріне тағылған айыптарды мойындамай отыр.

Сот процесінің нақты қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер