Қазақстанда ойын аймақтарын кеңейту жоспарланып отыр.Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
29 желтоқсанда Мәжіліс «Қазақстанның туристік саласын қолдау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Бұл заң Қазақстанда казино қызметін кеңейтуді көздейді. Шетелдіктерге арналған ойын аймақтары Маңғыстау, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында пайда болуы мүмкін.
«Біз аймақтарды айқындаймыз. Ал нақты жер телімін жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Яғни, бұл инфрақұрылымға байланысты», – деді Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында.
Оның айтуынша, бір казино 2–3 млрд теңге көлемінде салық түсімін әкеліп, шамамен 500 жұмыс орнын ашады.