Жаңалықтар

1989 жылы болған "КСРО аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысты?

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
1989 жылы болған "КСРО аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысты?
видеодан скриншот

1989 жылы өткен "КСРО аруы" сұлулық байқауының видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

YouTube желісінде жарияланған кеңес дәуіріндегі сұлулық байқауының бейнежазбасы көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. 1989 жылы түсірілген видеоға 16 мыңнан астам адам көріп, түрлі пікір қалдырған. Бірі сол кезеңдегі арулардың табиғи сұлулығына тәнті болса, енді бірі қазақ тілінің ол кездегі жағдайына назар аударған.

Желі қолданушылары: "Қыздар өте қарапайым әрі әдемі. Ол заманда Мәскеу сахнасында қазақша сөйлеудің өзі үлкен батылдық еді", "Сол уақытта қазақ мектептері аз болған, Теміртаудан келдім деп тұрғаны да соның айғағы", – деп пікір білдірген.

Байқауға Қазақстаннан екі ару қатысқан: Алматыдан Гүлнар Байжұманова (№31) және Теміртаудан Гүлжан Намазбаева (№26).

22 жастағы Гүлнар Байжуманова ол кезде Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының төртінші курсында оқып жүрген. Ол өзін "Мисс Қазақстан – 89" байқауының жеңімпаздарының бірі ретінде таныстырған.

Жүргізуші қойған "Отбасында кім басшы болуы керек?" деген сұраққа Гүлнар: "Отбасында теңдік болуы керек", – деп жауап берген.

PilotSu37 атты YouTube парақшасында жарияланған бейнежазба – 1989 жылдың 19 мамырында өткен КСРО-дағы алғашқы бүкілодақтық сұлулық байқауының толық нұсқасы. Видео сипаттамасына сәйкес, байқауға қатысушыларды іріктеу екі айға созылған, ал негізгі кезең Мәскеудегі "Россия" мемлекеттік орталық концерт залында өткен.

Қазылар алқасының құрамында Мүслім Магомаев, Илья Глазунов, Ирина Скобцева, Леонид Якубович, Екатерина Максимова секілді танымал мәдениет қайраткерлері болған. Байқау қорытындысы бойынша 17 жастағы Юлия Суханова жеңімпаз атанған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz