«Судья болуды армандады»: Көкшетауда сот қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“19 жаста”: Гүлнәз Әлімгерей қызын ұзатты

“19 жаста”: Гүлнәз Әлімгерей қызын ұзатты

Тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерей кіндік қызы Ақзерешті ұзатқанын айтып, оның сәби кезінен басталған естеліктерімен бөлісті. Ол қыздың тұсауын өзі кескенін және Ақзерештің 19 жасында Қарағандыға келін болып түскенін жазды.

Танымал тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерей өміріндегі ерекше қуанышымен бөлісіп, кіндік қызы Ақзерешті ұзатқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz

Тележүргізуші бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазып, Ақзерештің дүниеге келгенінен бастап оның өміріндегі маңызды сәттерге куә болғанын еске алды.

Гүлнәз Әлімгерейдің айтуынша, Ақзерештің анасы Араймен бірге босанып, сол кезде Астанада серіктестік босану дәстүрін алғашқылардың бірі болып бастаған. Кейін ол қыздың тұсауын да өзі кескен.

«Кіндік қызымды ұзаттық. Арай құрбыммен бірге толғатып, ең алғаш “партнёрские роды” деген моданы Астанада бастап жібергенбіз. Тұсауын да өзім кескем. Ырымдаса – жолыңды береді екен», – деп жазды ол.

Тележүргізуші өзінің де, кіндік қызының да тұрмысқа шығу жасындағы ұқсастыққа назар аударған.

«Мен 20 жасымда күйеуге шықсам, Ақзереш 19 жасында ұзатылды. Теміртауға келін боп түскем, қызымыз – Қарағандыға кетті!» – деп қуанышын жеткізді Гүлнәз Әлімгерей.

Осылайша, тележүргізуші кіндік қызының жаңа өмірге қадам басқанын айтып, оған ақ тілегін арнаған. Оның жазбасынан Ақзерештің сәби кезінен бастап тәрбиесі мен өміріндегі маңызды кезеңдеріне жақын болғаны аңғарылады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.