Шоу-бизнес

“19-20 жас үлкен”: Индира Елемес экс-жолдасы туралы ашып айтты (ФОТО)

“19-20 жас үлкен”: Индира Елемес экс-жолдасы туралы ашып айтты (ФОТО)

Танымал әнші Индира Елемес журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында соңғы уақытта қоғамда жиі талқыланып жүрген жеке өміріне қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің сөзінше, болашақ жары екеуі мерекелік іс-шаралардың бірінде танысқан. Ол көпшілік арасында тараған қауесеттерге тоқталып, өзін біреудің отбасын бұзды немесе «екінші әйел болды» деген пікірлермен мүлде келіспейтінін жеткізді. Индираның айтуынша, танысқан кезде болашақ жары заңды некеде болмаған, яғни бойдақ болған.

«Қазір жұрт әртүрлі әңгіме айтып жүр. Біреудің шаңырағын шайқады деп те жазып жатыр. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Біз танысқанда ол кісі бос болды. Арамызда шамамен 19–20 жас айырмашылық бар. Сол кезде жолдасым өте сымбатты, келбетті, харизмасы бар азамат еді», – деп бөлісті әнші.

Индира Елемес сұхбат барысында жеке өміріне қатысты жалған ақпараттардың көп тарайтынын айтып, елдің өсекке емес, шындыққа мән бергенін қалайтынын да атап өтті.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz