Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

181 жолаушысы бар ұшақтың шассиі сынып кетті: Әуежай уақытша жабылды

181 жолаушысы бар ұшақтың шассиі сынып кетті: Әуежай уақытша жабылды
24.kg

Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайында 181 жолаушы отырған ұшақтың шассиі істен шығып, төтенше жағдай тіркелді. Оқиғадан кейін әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, TezJet әуе компаниясының Бішкек – Ош бағыты бойынша ұшуы тиіс рейсі кезінде ұшақтың артқы шассилерінің бірі сынған.

Оқиға салдарынан борттағы барлық жолаушы мен экипаж мүшелері авариялық трап арқылы қауіпсіз эвакуацияланды. Ұшақта 181 жолаушы, екі ұшқыш және төрт бортсерік болған.

Әуежайдың ішкі рейстер терминалында жолаушыларға медициналық тексеру ұйымдастырылды. Оқиға орнында дәрігерлер мен өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ, ал жеңіл жарақат алғандарға қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта TezJet әуе компаниясы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Мамандар шассидің істен шығу себебін анықтап жатыр.

Төтенше жағдайға байланысты Манас халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылып, кейін әуежайдың жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ге дейін жабылғаны белгілі болды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер