Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

18 жастағы қыздың өліміне әкелген апат: кәсіпкердің ұлы неге сот залынан босатылды?

18 жастағы қыздың өліміне әкелген апат: кәсіпкердің ұлы неге сот залынан босатылды?
Фотоиллюстрация: Kznews

Ақтөбе облысында Айым Жеңісованың өліміне әкелген жол апатына қатысты үкім шықты. Көлікті басқарған Бекнұр Нұрланов алты айға бас бостандығынан айырылды. Алайда жаза мерзімі өтелген деп есептеліп, ол сот залынан босатылды.

Хромтау аудандық соты өңірге танымал кәсіпкердің ұлын адам өліміне әкелген жол ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды kznews.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Жол апаты 27 маусымда Ақтөбе – Хромтау тасжолында болған. Бекнұр Нұрланов басқарған көлік аударылып, жолаушы Айым Жеңісова ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 18 жастағы бойжеткен кейін көз жұмған.

Сот Нұрлановты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл мерзім өтелген деп есептелгендіктен, ол бостандыққа шықты.

Бұған дейін марқұмның жақындары істің әділ әрі ашық тергелуін талап етіп, қоғамға үндеу жолдаған. Олар Нұрлановтың ата-анасы өңірге белгілі кәсіпкерлер болғандықтан, тергеудің объективтілігіне алаңдайтынын айтқан.

Ал Нұрлановтың адвокаты Нұрсұлу Дәултаева оның ата-анасы тергеуге ықпал етуі мүмкін деген тұжырымға негіз жоқ екенін мәлімдеген.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.