Қазақстан Армения қақпасына ғажап гол соқты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“18 рет химиотерапия алды”: Ақжол Мейірбековтың қызы әкесінің өмірінің соңғы кезеңдерімен бөлісті

“18 рет химиотерапия алды”: Ақжол Мейірбековтың қызы әкесінің өмірінің соңғы кезеңдерімен бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Марқұм әнші Ақжол Мейірбековтің қызы Сұлтан әкесінің өмірінің соңғы кезеңдері туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, әнші сырқаты асқынған кезде шетелде емделу мүмкіндігі болған. Алайда Ақжол Мейірбеков халықтан қаржы жинауға қарсы болып, қазақстандық дәрігерлердің көмегіне сенім артқан.

Сұлтанның сөзінше, өнер иесі ауыр дертпен ұзақ уақыт күресіп, 18 рет химиотерапия курсынан өткен. Соған қарамастан, ол сахнадан қол үзбей, көрермені алдында өнер көрсетуді жалғастырған.

Әншінің қызы әкесінің соңғы аманаты «Жақсы, түзу жүріңдер» деген сөз болғанын айтты. Оның айтуынша, Ақжол Мейірбеков өмірінің соңына дейін өнерге адал болып, тыңдармандарына деген құрметін сақтап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.