Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

18 ай өмірі қалған: 7 жыл бойы вейп шеккен қыз қатерлі дертке шалдықты

18 ай өмірі қалған: 7 жыл бойы вейп шеккен қыз қатерлі дертке шалдықты
Ашық дереккөз

Ұлыбританияның Манчестер қаласының тұрғыны, 22 жастағы Кейли Бодеге дәрігерлер өкпе обыры диагнозын қойып, 18 ай ғана өмірі қалуы мүмкін екенін айтқан. Бұл туралы Manchester Evening News хабарлады, деп жазды kznews.kz.

Қыздың айтуынша, ол вейпті 15 жасынан бастап шеккен. Соңғы жылдары бір реттік құрылғыларға көшіп, аптасына шамамен 600 рет тартатын болған. Алғашқы белгілер 2024 жылы байқалған: теріде бөртпе шығып, кейін қақырық, жөтел пайда болған. Уақыт өте келе қан аралас жөтел күшейген.

Бастапқыда дәрігерлер оған кеуде инфекциясы деген диагноз қойған. Алайда кейінгі тексерулер өкпеде күмәнді өзгерістер барын көрсетті. Бірнеше ай ішінде науқас жеті рет биопсиядан өткен. Алғашында обырдың бірінші сатысы анықталғанымен, операция кезінде оның үшінші сатыға өткендігі белгілі болды: ісік лимфа түйіндеріне таралған.

Кейлиге оң жақ өкпенің төменгі бөлігі алынып, химиотерапия жасалған. 2026 жылдың ақпанында ауру белгілері байқалмағанымен, көп ұзамай обыр қайта оралып, плевраға тараған.

Науқас бұл жағдайды вейппен байланыстырады. Дегенмен дәрігерлер нақты себепті атау қиын екенін, бірақ темекі мен вейптің денсаулыққа әсері болуы мүмкін екенін айтады.

Қазір Кейли Германиядағы клиникалық зерттеуге қатысу үшін қаражат жинап жатыр және жастарды вейптен бас тартуға шақыруда.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.