Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

17,7 млн АҚШ доллары: Маңғыстау мен Беларусь Республикасы экономикалық байланысты нығайтады

17,7 млн АҚШ доллары: Маңғыстау мен Беларусь Республикасы экономикалық байланысты нығайтады
Фото: GOV.KZ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Беларусь Республикасы Гродно облыстық атқару комитетінің төрағасы Юрий Караев бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында тараптар Маңғыстау және Гродно облыстары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі, ағаш өңдеу өнеркәсібі, туризм және гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ өңіраралық әріптестікті дамытуға бағытталған 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары – Жол картасы талқыланып, тараптар аталған құжатқа қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, инвестиция тартуға, бизнес-форумдар мен B2B кездесулер ұйымдастыруға, ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Өңір басшысы Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетіне, теңіз порттарының мүмкіндіктеріне, өңдеу өнеркәсібі мен туризм саласындағы даму бағыттарына тоқталып, бұл салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

– Маңғыстау облысы көлік және логистика, туризм, агроөнеркәсіп кешені мен өңдеу өнеркәсібі бағыттарында серпінді дамып келеді. Біз Беларусь тарапымен өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өз кезегінде Юрий Караев Маңғыстау облысымен байланыстарды нығайтуға дайын екенін білдіріп, сауда-экономикалық және гуманитарлық саладағы бірлескен бастамаларды қолдауға ниетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2025 жылы Маңғыстау облысы мен Беларусь Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 17,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі таңда өңірде Беларусь капиталының қатысуымен түрлі салада 11 кәсіпорын жұмыс істейді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.