Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

17 жыл сенім артқан бақташы мал ұрлығына күдікті болды

17 жыл сенім артқан бақташы мал ұрлығына күдікті болды
Фото: GOV.KZ

13 сәуір күні Ескелді ауданының тұрғыны полицияға арызданды. Оның айтуынша, жайылымда жүрген 81 бас асыл тұқымды ірі қараның 39-ы жоғалып, қайтарылмаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 46 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Арыз түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы анықталды.

Тергеу нәтижесінде 45 жастағы бақташы күдікке ілінді. Ол аталған малды 17 жыл бойы бағып келген. Жедел-тергеу әрекеттерінің барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, ол ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Барлық жоғалған мал иесіне толық қайтарылған.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, жеке мүлкін бақылауда ұстауға және күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға шақырады. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау – баршаның ортақ міндеті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.