Ош қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, баланың анасы оның жоғалғаны туралы полицияға 17 тамызда хабарлаған.
Әйелдің сөзінше, бұған дейін де ұлы бірнеше рет үйден кетіп, бірнеше күннен кейін өздігінен оралып жүрген. Алайда бұл жолы одан бірнеше айдан бері хабар жоқ.
Полиция жариялаған мәлімет бойынша, жасөспірімнің бойы шамамен 160-165 сантиметр, салмағы 65-66 келі. Шашы қара, көзі мен қасы қара түсті.
Жоғалған күні оның үстінде қара спорттық киім мен қара спорт шалбары, аяғында көк түсті кроссовка болған.