Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

16 жастағы жасөспірім төрт айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр

16 жастағы жасөспірім төрт айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
Фото: 24.kg

Қырғызстанның Ош қаласында 2010 жылы туған Умар Умаралиевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жасөспірім 25 маусымда үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Ош қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, баланың анасы оның жоғалғаны туралы полицияға 17 тамызда хабарлаған.

Әйелдің сөзінше, бұған дейін де ұлы бірнеше рет үйден кетіп, бірнеше күннен кейін өздігінен оралып жүрген. Алайда бұл жолы одан бірнеше айдан бері хабар жоқ.

Полиция жариялаған мәлімет бойынша, жасөспірімнің бойы шамамен 160-165 сантиметр, салмағы 65-66 келі. Шашы қара, көзі мен қасы қара түсті.

Жоғалған күні оның үстінде қара спорттық киім мен қара спорт шалбары, аяғында көк түсті кроссовка болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер