Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

15 жасар қыздар жезөкшелікпен айналысқан

15 жасар қыздар жезөкшелікпен айналысқан

Желіде Шымкентте 15 жастағы қыздардың боди массажист болып жұмыс істейтіні туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"15 жасар оқушы қыздар интернеттен емін-еркін жарнама тауып, жұмысқа орналасып, ересек ер адамдарға боди массаж жасаған", - делінген желідегі ақпаратта.

Видеода әйел адам қыздарды  түсіріп, олардың жезөкшелікпен айналысатынын айтады. "Олар жезөкшелікпен айналысады, массаж сияқты", - дейді автор.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл факт биыл мамырда анықталғанын хабарлады. "Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысы бар адамдар анықталып, полицияға жеткізілді.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Фото көрнекілік үшін алынды. 

Автор
Еркебұлан