KZNews.kz
Әлем

15 адам мерт болды: Боливияда ақша тиеген ұшақ жолға құлады

Торғын Абушахман
Фото: ашық дереккөзден

Боливияда ақша тиеген ұшақ қала ішіндегі жолға құлады, деп хабарлайды kznews.kz.

28 ақпанда Эль-Альто қаласында жаңа банкноттарды тиеген Боливия әуе күштерінің Hercules ұшағы көліктерге толы жолға құлады.

Ұшақ Орталық банктен басқа қалаларға жаңа банкноттарды тасымалдап жатқан.

Алайда ол ұшу-қону жолағынан шығып, Ла-Пас маңындағы Эль-Альто қаласында көліктерге соғылып, жақын маңдағы егістікте тоқтаған.

Апатта бүкіл экипажды қоса алғанда, он бес адам қаза тапты, тағы 12 адам жарақат алды. Тас жол бойында ондаған көлік зақымдалды.

Әуежай маңында көп ақша шашылып, жүздеген адам шашылған ақшаны жинауға асықты.

Полиция жиналғандарды тарату үшін арнайы құралдарды пайдалануға мәжбүр болды.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →