Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

14 жасында ұзатылған қыз өз-өзіне қол жұмсады: күйеуі қамауға алынды

14 жасында ұзатылған қыз өз-өзіне қол жұмсады: күйеуі қамауға алынды
Фото: depositphotos.com

Үндістанның Махараштра штатында 14 жаста тұрмысқа мәжбүрлі түрде шыққан қыз төрт айдан кейін өз-өзіне қол жұмсады. Күйеуі мен қайын атасы қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz NDTV арнасына сілтеме жасап. 

Солапур округіне қарасты Мангалведха техсилінде 14 жастағы қыз 19 жастағы ер адамға еріксіз тұрмысқа шыққаннан кейін небәрі төрт ай өткен соң өзіне қол салған.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз тұрмыс құрғаннан кейін психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ол көрген қорлықтан әбден күйзеліске түсіп, осындай қадамға барған.

Мангалведха полициясы күйеуі мен қайын атасын қоса алғанда, бес адамға қатысты «өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында күйеуі мен қайын атасы қамауға алынды.

«Мангалведха техсиліндегі Бавчи мен Нимбони ауылдарында 14 жастағы қыздың некесі қиылған», – деді полиция инспекторы Даттатрай Боригидде.

Оның айтуынша, қайғылы жағдайға үй шаруасына байланысты қысым да әсер еткен болуы мүмкін.

«Біріншіден, қыз кәмелетке толмаған еді, екіншіден, оған түрлі үй жұмыстарын атқару міндеттелген. Жасының кішілігіне байланысты ол бұл қысымға шыдай алмаған болуы ықтимал. Кейін күйеуі онымен жақын қатынасқа түсіп, оған қысым көрсеткен. Физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық оны өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді», – деді ол.

«Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, бес адамға қатысты іс қозғалды. Қазіргі уақытта күйеуі мен қайын атасы қамауда, сот оларды қамауға алу туралы шешім шығарды. Тергеу жалғасып жатыр», – деп қосты инспектор.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер