KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

14-ші Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

• Әлихан

Алматы, BAQ.KZ. ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өтті. Шараны ҚР кинематографистер одағының ұйымдастырды.

Алматы қаласында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Салтанатты кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жабылу рәсіміне әлемдік және қазақстандық кинематоргафтың жарқын жұлдыздары қатысты.

14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары:

1. «Жол түйісі» халықаралық конкурстық байқауда:

Гран-при ең үздік фильм – «Канделария» (Колумбия), режиссер Джонни Хендрикс Инестроса

Үздік режиссер – Бенедикт Эрлингссон, «Соғыстағы әйел» (Исландия)

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Күнбағыс» (Қытай), режиссер Чжан Лопин

2. «Ата-бабалар мекені» түркі әлемі елдерінің конкурстық байқауында:

Гран-при ең үздік фильм – «Патша Құс» (Якутия, РФ), режиссер Эдуард Новиков

Үздік режиссер – «Талан» (Қазақстан), режиссер Болат Калымбетов

Үздік сценарий – «Шынар» (Туркия), режиссер Мустафа Карадениз

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов

Ең үздік актриса – Феруза Саидова «Әкем ауырып қалды» (Өзбекістан), режиссер Зульфикар Мусаков

Ең үздік актер – Акылбек Абдыкалыков, «Түңгі көлік апаты» (Қырғызстан), режиссер Темирбек Бирназаров

НЕТПАК арнайы жүлдесі – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов

Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлде – Сердар Гёкхан, актер (Туркия)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →