KZNews.kz
Әлем

14 ақпан ғашықтар күні шамадан тыс массаж жасаған қыз қайтыс болды

Дархан Тоқан
Фото: SHOT

Санкт-Петербургтегі спа-орталықта жұмыс істеген массажист әйел 14 ақпандағы клиенттердің тым көптігінен және ұзақ уақыт үзіліссіз қызмет көрсетуден кейін өзін жайсыз сезініп, көп ұзамай қайтыс болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

SHOT мәліметінше, 36 жастағы Индонезия азаматы күннің бірінші жартысында-ақ демалыссыз, бірнеше сағат қатарынан қонақтарға массаж жасаған. Әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ол массаж төсегіне жатып тынықпақ болған. Алайда орнынан тұрған сәтте есінен танып құлаған.

Оны жедел түрде ауруханаға жеткізіп, жұмыс барысындағы шамадан тыс қажудан болуы мүмкін деген болжаммен дәрігерлер тексеріске алған. Десе де, медицина қызметкерлерінің барлық әрекетіне қарамастан, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады: әйел есінен танғаннан кейін екі сағат өткен соң көз жұмған.

Әріптестерінің айтуынша, қайғылы оқиға болған күні спа-орталықта жазылу өте тығыз болған. Массажист әйел шаршағанын, клиент ағынының көптігін айтып жүрген, әрі таңертеңнен бастап дерлік үзіліссіз жұмыс істеген.

Марқұм Санкт-Петербургке табыс табуға жарты жыл бұрын келген. Спа-орталыққа ресми түрде жұмысқа орналасқан. Индонезияда оның кәмелетке толмаған екі баласы қалған. Қазір туыстары мәйітті отанына жеткізу үшін өлім туралы куәлік пен ауруханадан берілетін құжаттарды күтуде.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →