Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"110 мың теңгенің орны": Алматыда бейтаныс жұп тойға шақырусыз кіріп тегін тамақтанып, көңіл көтерген

"110 мың теңгенің орны": Алматыда бейтаныс жұп тойға шақырусыз кіріп тегін тамақтанып, көңіл көтерген
Фото: Желі жазбасынан

Желіде қазақстандық бойжеткен әпкесінің ұзату тойына шақырылмаған бейтаныс адамдар келіп, еш қысылмастан тамақтанып, билеп кеткенін айтып шағымданды. Оның сөзінше, салтанатты шара Алматыдағы қымбат мейрамханада өткен, алайда күтпеген "қонақтардың" кесірінен кейбір шақырылған адамдарға орын жетпей қалған. Stan.kz тілшісі арудың оқиғасын тыңдады. 

dboskumbay аккаунтындағы қыз аты-жөнін шығармауымызды өтінді. Алматылық бойжеткеннің отбасы әпкесінің 7 ақпанда өткен ұзатуына 300 адам шақырған.

“Бұл менің туған әпкемнің тойы, нақтырақ айтсам – ұзату тойы болды. Тойға біраз адам шақырылды. Алайда сол кезде екі қонаққа орын жетпей қалғанын байқадық. Сол үшін қосымша екі адамға 110 000 теңге төлеуге тура келді. Егер тек тамақ үшін төлесек, бір жөн болар еді. Бірақ бұл оқиға енді масқара әрі ұят нәрсе”, – деді ол. 

Бойжеткеннің айтуынша, той кезінде бейтаныс адамдардың кіріп кеткенін ешкім байқамаған. 

“Тойда бөтен адамдардың болғанын біз келесі күні білдік. Білесіздер ме, той кезінде әркімнен барып сұрайтын уақыт болмайды. Ата-анам оларды көргенде, әкем – анам шақырған шығар деп, анам – әкем шақырған шығар деп ойлаған. Кейін талқылай келе, ешқайсысы да шақырмағанын түсіндік.

Негізі кімнің қай жерде отыратыны алдын ала жазылып қойылған еді. Біз болсақ, неге орын жетпей жатыр деп ойланып жүрдік. Мейрамхана арзан емес – Алматыдағы "Миллениум" адам басына 55 000 теңге болды”, – деп қосты ол. 

Арудың айтуынша, ең оғашы бейтаныс қыз бен жігіт таныс емес адамдардың тойына кіргенімен қоймай, өздерін дөрекі ұстаған. 

“Тойда болған қонақтар бізге олардың тамақ көп тұрған үстелдерге екі рет ауысқанын айтып берді. Ішіп-жеп, біздің шақырған әртістеріміздің өнеріне билеп жүрген. Шақырусыз келіп, өздерін өте дөрекі ұстаған.

Ең қызығы олар фотоға да түсіпті. Бұл фотолар болмағанда желіге шығармас та ма едім?! Оларды желіге жариялағаннан кейін әлгі әйел маған жазып, аса ештеңе істемегенін айтты. Оның үстіне мені арсыз деп атап, маған “сен үшін ұят" деді. Өзінің айтуынша, ол шетелдік қонағына қазақтың тойын көрсеткісі келген екен. Алайда мен бұл сөзге сенбедім. Олардың бұрыннан таныс екені көрініп тұр. Тіпті қонақтарымыз олардың құшақтасып, өте жақын қарым қатынаста жүргендерін байқаған. Фотода ер адамның қолы әйелдің аяғында тұр. Екеуі де шараның басынан аяғына дейін отырған. Ал өздері болса тіпті үстелге отырмағандарын айтады”, – деп баяндады ол. 

Бойжеткен желіге бұл суретті салған соң, тойға шақыртусыз келгендер одан бұл постты өшіруді сұрапты. 

“Шынымен шетелдік досына той көрсеткісі келсе, кейін бізден кешірім сұрап орындарының ақысын өтер еді. Алайда олар бұлай етпеді. Керісінше, тіпті менің өзімді ашкөз сияқты көрсетіп отыр. Желіде кейбір адамдар осы жұпты жақтап жатыр екен. Алайда мен біреудің қуанышын тегін ішіп-жеп пайдалану ұят нәрсе деп есептеймін. Олар ең болмаса той иелерінен рұқсат сұрауы керек еді деп ойлаймын. 

Менің ойымша, мұндай жағдайлар біздің елімізде жиі болып тұрады. Үлкен тойларда иелері бәрін байқамай қалады. Осындай жайттардан соң енді тек шақыру билетімен ғана кіргізу керек деп санаймын”, – деп қорытты ол. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.