Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
10 сәуірге жоспарланған шаралар
10.00 - 13.00 - Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен интернет-конференция өтеді. Конференцияға қатысуға ниет танытушалар egov.kz сайтынан көре алады ("Ашық диалог" бөлімі, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы көре аласыз).
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Кармен" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
11 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00 – "Астана Опера" театрының гала-балеті. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
21.00 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Рысқали мен танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваның "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).
12 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Дон Карлос" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
21.00 - Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).
15 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
16 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
00
Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/announcement/20200408/13622007/Qazaqstanda-9-sauir-oqigalar.html